Алматы облысының тауында қар көшкіні жолды жауып қалды
Алматы облысының тауында қар көшкіні жолды жауып қалды
265
оқылды
Алматы облысында қар көшкіні жүрді. Салдарынан облыстық маңызы бар Түрген-Батан-Асы обсерваториясы жолы жабылды. ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі қар көшкініне тау беткейлеріндегі қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы себеп болғанын атап өтті.
"Қар көшкінінің жалпы көлемі (көшкін конусы) 99 текше метр, ұзындығы – 22 м, ені – 6 м, биіктігі – 4,5 м. Қар көшкіні облыстық маңызы бар  Түрген – Батан – Асы обсерваториясы жолын жауып қалды" делінген хабарламада.