Әкімдерді қабылдады
Әкімдерді қабылдады
309
оқылды
Мемлекет басшысы Аста­на қаласының жә­не Қара­ған­ды облысының әкімдерін қа­­­­­­был­­дады. Президентке Астана қала­сы­ның әкімі Жеңіс Қа­сымбек елор­даның әлеуметтік-экономикалық және инф­рақұрылымдық дамуы туралы есеп берді. Мемлекет басшысына сорғы-сүзгі стансасы (ССС-3), газбен жы­лыту стансалары, жылу электр ор­­­­­та­лығы секілді қаланың тыныс-тір­шілігін қам­та­ма­сыз ететін ны­сан­дардың құрылысы жөнінде баян­­далды. Аталған нысандардың құры­лысы 2023 жылы аяқ­талады деп жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкі­міне жылу беру мау­­сымының ба­рысын бақылауда ұстауға, елор­даны одан әрі өркендетуге қатысты бірқатар тап­сырма берді. Қарағанды әкімі Сондай-ақ Президент Қара­ған­ды облысының әкімі Ермаған­бет Бөлекпаевты қабылдады. Ол Мем­­лекет басшысына аймақтың биыл­ғы 11 ай­дағы не­гіз­гі әлеу­мет­тік-экономикалық көрсет­кіш­тері жөнін­де есеп берді. Кездесу барысында аймақтың тұр­ғын үй-ком­му­нал­дық шаруа­шы­лығының, оның ішінде жылу және сумен қамтамасыз ету жүйе­сі­нің жағ­дай­ына ай­рықша на­зар аударылды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облысты одан әрі дамыту және халықтың әл-ау­қатын арттыру жұмыстарын жалғастыруды тап­сыр­ды.