Көңіл айту жеделхатын жолдады

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы көрнекті мәдениет қайраткері, балет әртісі, хо­реограф, Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Ерекше шығармашылық дарын иесі, өнер майталманы Болат Ғазизұлы отандық мәдениет саласы мен хореография өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде Қазақстан Республикасының Мем­­лекеттік академиялық би театры ретінде танылған көркемдік ұжым­­ның негізін қалап, оған ұзақ жылдар бойы жетекшілік етті. Оның балет өнеріндегі туындылары еліміздің және шетел сахна­ларын­да қойылды. Болат Ғазизұлы қашанда адамгершілік және ру­хани құндылықтардан айнымай, өнерге қызмет етті, білімі мен тә­жіри­бесін жас буынға үйретті. Болат Ғазизұлының жарқын бейнесі жүре­гімізде мәңгі сақталады, – деп жазылған көңіл айту же­дел­хатында.