8 су қоймасы салынады
8 су қоймасы салынады
Қазақстанда жаңадан сегіз жаңа су қоймасы салынбақ. Пре­мьер-Министр Әлихан Смайы­ловтың төрағалығымен өткен Қазақстанның Су кеңесінің оты­рысында Су саласын дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы қа­ралды. Осы кеңесте жаңа қой­маларға қатысты осындай мәлім­деме болды.
«Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысында 8 жаңа су қоймасын салу және 16 апатты су қоймасын реконструкциялау жос­парланған. Бұл қосымша су кө­лемін жинақтауға, 124 елді ме­кенде су тасқыны қаупін азайтуға және 170 мың гектардан астам жа­ңа суармалы жерлерді айна­лымға енгізуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.
Бұдан басқа суару арналарын реконструкциялау, магистральдық және шаруашылықаралық ар­наларды автоматтандыру, сондай-ақ су ресурстарын басқаруды цифрландыру көзделген, бұл судың ысырабы мен артық шы­ғынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
«Алдағы үш жылда біз эко­номикаға және азаматтарымыз үшін барынша тиімді болатын өзекті мәселелерді шешуіміз ке­рек. Алдымен жоғары нәтиже бе­ре­тін, бірінші кезекте реконс­трук­ция­лануы тиіс су құрылыс­тары­ның қауіпсіздігін қамтамасыз ете­тін басым жобаларды іріктеп алуы­­мыз қажет», – деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Премьер-­Министр кешенді жоспар шең­берінде су шаруашылығы сала­сына кадрлар даярлау жүйесін жетіл­діру, сондай-ақ заманауи техно­логиялық шешімдер мен ғарыш­тық мониторингті қолдана оты­рып, судың жұмсалуын ба­қылау тетіктерін енгізу жөніндегі ша­раларды қарастыру қажет екенін айтты.