AMANAT CUP жеңімпаздары анықталды
AMANAT CUP жеңімпаздары анықталды
449
оқылды
«AMANAT» партиясы Jastar Ruhy Жастар қанаты кіші футболдан AMANAT CUP турнирін ұйымдастыруда. Бірнеше облыста жастар ко­ман­­дасы бақтарын сынады. Жамбыл облысында аталған тур­нирге әртүрлі салада қызмет етіп жүрген жас­тар қатысты. Журналистер, «Жай­дар­ман» ойыншылары, мәдениет сала­сы­ның өкілдері, ауыл жастары, пікір­сайыс­шылар, еріктілерден құралған 8 команда өзара кім мықтыны анықтады. Турнир мақсаты – жастарды спортпен белсенді айналысуға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау, республика жастары арасында футболды насихаттау және дамыту, бұқаралық спортты да­мыту. І орынды Тараз Press командасы жеңіп алса, «Мәдениет құрамасы» ІІ орын алды. Ал «Облыстық Жастар ре­сурс­тық орталығы» командасы ІІІ – ор­нықты. «Ең үздік ойыншы» болып Саят Қойшыманов, «Үздік шабуылшы» – Арман Жаналиев, «Үздік қақпашы» – Жансейіт Нұралиев танылды. Павлодар облысында бұл турнир әуес­қой командалар арасында өтті. 8 ко­манда арасынан «Кенжекөл» коман­дасы бірінші орынды иеленсе, DoStar ко­мандасы екінші, «Кемеңгер» коман­дасы үшінші орнықты. Азамат Жилжанов – «Ең үздік ойыншы», Рахат Искаков – «Үздік шабуылшы», Адил Переписов – «Үздік қақпашы» атағын иеленді. Ақтөбе облысында бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында өткен бұл шағын футбол турниріне өңірдегі жұмысшы, блогер, танымал жастардан құрылған 8 команда қатысты. Тартысты өткен ойынның қорытындысы бойынша І орынды бұқаралық спорт өкілдері, медиа саласының жастарынан құрылған «Нереал» командасы жеңіп алды. Ал ІІ орын Қазақстан темір жол мекемесінің жұмысшы жастарынан жасақталған «ҚТЖ» командасына, ІІІ орын әзіл-қой жастардан құрылған «Жайдарман Ақ­төбе» командасына бұйырды. Сонымен қатар жалпы ойыншылар арасында шебер ойын көрсеткен бірқатар жастар «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы» номинациясын алды. Ко­мандалар мен ойыншыларды «Жастар Рухы» ЖҚ Ақтөбе облыстық фи­лиалының Төрағасы Ануар Искарин ма­рапаттады. Ақмола облысында тартысты кез­де­сулерге әртүрлі санаттағы, оның ішінде жұмысшы, өзін-өзі қамтыған, өнерпаз жас­тардан 8 команда шықты. I орын «ВМКГЗ» командасына, II орын «КУАМ» командасына, III орын FC PRIDE командасына бұйырды. «Үздік қақ­пашы» номинациясын Самат Сұл­танбеков, «Үздік шабуылшы» аталымын Диязали Нұрланов, «Үздік ойыншы» атағын Диас Құсайынов жеңіп алды. Жеңімпаздар кубоктармен, медаль­дар­мен, дипломдармен және бағалы сый­лықтармен марапатталды.