Apple компаниясы Sony сенсорларын пайдаланғанын мойындады
Apple компаниясы Sony сенсорларын пайдаланғанын мойындады
Apple алғаш рет Sony компаниясының сенсорларын iPhone-да қолданылатынын растады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды
623
оқылды

Apple компаниясының бас директоры Тим Кук алғаш рет Sony компаниясының сенсорларын iPhone-да қолданылатынын растады. Бұл туралы Lenta.ru агенттігінің материалына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

[caption id="attachment_232140" align="aligncenter" width="1958"]Picture2 Apple жапондық Sony компаниясымен iPhone-ға арналған әлемдегі ең үздік камера сенсорларын жасау үшін он жылдан астам бірге жұмыс істеген. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Apple басшысы Жапонияның Кумамото қаласындағы Sony камерасын дамыту орталығына барғанда: «Біз Sony компаниясымен iPhone-ға арналған әлемдегі үздік камера сенсорларын жасау үшін он жылдан астам бірге серіктестіп жұмыс істедік», – деп мәлімдеген. Осылайша, Apple басшысы алғаш рет оның компаниясы өз құрылғыларында Sony сенсорларын қолданатынын көпшілік алдында жария етті.

Басылымның айтуынша, Apple мен оның топ-менеджерлері әдетте гаджеттердің бөлшектерін жеткізетін басқа компаниялармен ынтымақтастық туралы ақпаратты ашпайды немесе түсіндірмейді. Алайда журналистер америкалық IT алыбы мен Sony арасындағы байланыс сала мамандары үшін әлдеқашан құпия болудан қалғанын байқады.

[caption id="attachment_232142" align="aligncenter" width="1807"]Picture3 Америкалық корпорация Sony-мен ынтымақтастығын жалғастыра бермек. Инсайдерлер iPhone 15 желісіндегі смартфондар жапондық компанияның соңғы кескін сенсорларымен жабдықталғанын жазған. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Материалда Apple алғаш рет 2014 жылы шыққан iPhone 6 смартфондарында Sony сенсорларын пайдаланғаны айтылады.

Шамасы, америкалық корпорация Sony-мен ынтымақтастығын жалғастыра бермекші. Бұрын инсайдерлер iPhone 15 желісіндегі смартфондар жапондық компанияның соңғы кескін сенсорларымен жабдықталғанын жазған.

Бұған дейін Foxconn Apple компаниясының Үндістандағы зауытына 500 миллион доллар инвестиция салғаны белгілі болды. Журналистерінің айтуынша, осылайша Apple серіктесі компанияға смартфондар өндірісін Қытайдан көшіруге көмектеседі.