Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Stadler Rail AG компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулерді қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында Қазақстанда жолаушылар вагондарын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысына швейцариялық Stadler Rail AG компаниясының вагон жасау зауытын жаңғырту, Қазақстан алюминийін пайдалану және өндірістің толық циклін жолға қою жоспары туралы мәлімет берілді.
Петер Шпулер 2030 жылға қарай өндіріске қажет бөлшектерді жергілікті жерде өндіру деңгейін 35 пайызға дейін арттыру, сондай-ақ қазақстандық өніммен экспортқа шығу жоспары туралы айтты.