АҚШ ғалымдары термоядролық синтезді басқаруда үлкен серпіліс жасады
АҚШ ғалымдары термоядролық синтезді басқаруда үлкен серпіліс жасады
Энергетика министрлігі мен Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы термоядролық синтездегі жетістік 5 желтоқсанда Калифорния штатындағы Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасының лазерлік қондырғысында тіркелгенін растады. Фото www.slashgear.com сайтынан алынды
517
оқылды

Ғылыми әлемнің құлағын елеңдеткен сенсациялық жаңалықты АҚШ-тың Энергетика министрлігі таңертең 13 желтоқсанда ресми түрде растады. Бұның алдында аноним дереккөздер бұқаралық ақпарат құралдарында ондаған жылдар бойы жүргізілген зерттеулерден кейін алғаш рет таза термоядролық синтезге, яғни тұтынғаннан гөрі көп энергияны тудыратын жағдайға қол жеткізілгенін айтқан еді. Бұл туралы SlashGear технологиялық платформасында жарияланған материалға сілтеме жасап, Aikyn.kz хабарлайды.

[caption id="attachment_232148" align="aligncenter" width="1958"]Picture2 Ливермор лазері – әлемдегі ең үлкен лазерлік жүйе. Оның көлемі шамамен футбол стадионына тең. Фото www.slashgear.com сайтынан алынды[/caption]

Энергетика министрлігі мен Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасы бұл жетістік 5 желтоқсанда Калифорния штатындағы Ливермор қаласындағы Лоуренс Ливермор ұлттық зертханасының лазерлік қондырғысында тіркелгенін растады.

«Ливермор лазері – әлемдегі ең үлкен лазерлік жүйе. Оның көлемі шамамен футбол стадионына  тең», – деп хабарлайды Энергетика департаменті. Америкалық министрлік бұл маңызды кезеңді «ғылыми энергияның шығынсыз деңгейі» деп атаған.

Басқарылатын термоядролық синтездің дәстүрлі ядролық энергиядан айырмашылығы да, пайдасы да жер мен көктей. Қазіргі атомдық электр станцияларында бөліну реакциясы қолданылады, оның барысында ауыр ядролардан жеңілірек ядролар алынады.

Ал, басқарылатын термоядролық синтез – бұл электр энергиясын өндіру үшін жеңілірек атомдардан ауыр атом ядроларын алу процесі. Яғни, дәстүрлі атом энергетикасында қолданылатын ыдырау реакциясына қарама-қарсы процесс.

Мамандардың пікірінше, термоядролық синтездің энергиясы адамның қолданылуы үшін әлі де дайын емес. Термоядролық синтездің энергиясын пайдалану және оны электр желісіне беру үшін қажетті технология дамымаған.

[caption id="attachment_232149" align="aligncenter" width="1598"]Picture3 Термоядролық синтездің энергиясын пайдалану және оны электр желісіне беру үшін қажетті технология дамымаған. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Ядролық синтез екі ядроның бірігуі кезінде пайда болады, бұл үлкен энергия жарылысын шығарады. Дегенмен, бұл реакцияларды туғызу оңай емес. Әрбір реакция соншалықты қарқынды жүріп, қажетті жабдықты бұзуы немесе жандырып жіберуі мүмкін. Сондықтан, бүгінге дейін термоядролық реакцияларды туғызу үшін өте көп ресурстар мен энергия қажет. Бұл шығындар дәстүрлі энергияны генерациялау шығындарынан ондаған есе жоғары.

Америкалық зертханада ғалымдар термоядролық синтездеу үшін аз энергия жұмсап, көп энергия алғанын білдіреді. Егер бұл кездейсоқтық болмаса, онда адамзат термоядролық синтезді тиімді басқару жолын тапқанын білдіреді. Бұл – үлкен ғылыми жаңалық болады.

Энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, термоядролық синтез жобаларына жеке инвестиция тарту қиын болмайды. Бұл зерттеу сонымен қатар Байден әкімшілігінің климаттың өзгеруі және таза энергия мақсаттарының бөлігі ретінде бірнеше миллиард долларлық ақшалай қаражатты бюджеттен де ала алады.