Шығыс Қазақстан облысындағы "Гарант 24 Ломбард" салымшылары Т52,5 млн-нан айырылды, деп хабарлайды аймақтың полиция департаментінің баспасөз қызметі. "Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында "Гарант 24 ломбард" ЖШС 28 салымшысы полицияға алаяқтық туралы арыз берген. Оның ішінде Өскемен қаласындағы филиал қызметіне қатысты-7 өтініш, Семей қаласында – 21 өтініш. Келтірілген шығын көлемі Т52, 5 млн-нан асады", - делінген сенбі күні таратылған хабарламада. Ведомствоның мәліметінше, аймақтық директор қолға түсті. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жергілікті ПД өкілдері Павлодар, Тараз, Атырау филиалдарының директоры ұсталғаны туралы мәлімдеген болатын.