Аяз болады: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

Аяз болады: синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК еліміз бойынша алдағы үш күнге, яғни 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«15-17 желтоқсан аралығында ел аумағының басым бөлігіндегі метеорологиялық жағдайлар орталығы  кең антициклонның әсерімен айқындалатын болады, соған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады және республиканың солтүстік өңірлеріндегі ауа температурасы түнде 23-28 градус аязға дейін төмендейді», - дейді синоптиктер.
Тек орталықта, оңтүстік-батыста, ал 17 желтоқсанда елдің шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты қар жауып, бұрқасын болады. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде тұман болады.