«Ессіз махаббат» атты танымал түрік хикаясы көрерменге жол тартты
«Ессіз махаббат» атты танымал түрік хикаясы көрерменге жол тартты
2,701
оқылды
ASTANA TV телеарнасында «Ессіз махаббат» атты танымал түрік хикаясы көрсетіле бастады. Бұл кинотуынды 2022 жылы Стамбұл қаласында түсірілген. Телехикаяның басты кейіпкерлерін Burcu Ozberk (Эсра Эртен), Ilhan Sen (Озан Корфалы), Burak Yoruk (Чинар Йылмаз) және Melisa Dongel (Чағла Йылмаз) сынды түріктің танымал әртістері сомдайды. Телехикаяның басты кейіпкері – Эсраның бақай есеппен қосылған ері сенімін ақтамады. Ал Озанның ойында түк жоқ. Сүйіктісін алтынмен аптап, күміспен қаптамаса да, көңілі таза. «Сүймегенге сүйкенбе» демекші, уақыт өте өзін сүймеген адаммен дәм-тұзы жараспайтынына көзі жеткен Озанның Эсраға деген көңілі суыды. Құдай қосқан қосағың мүлдем сен ойлағандай адам болып шықпаса, онымен қалай тұруға болады? Қос ғашықты тағдыр осылай сынады. Дей тұра, әрқайсысы өз жолымен кеткенмен, жүрек лүпілі бой бермейді.
Қызықтың бәрі бұл жұптың ажырасқан сәтінен басталды. Естінің сөзін айтып, ессіздің ісін жасаған махаббат құрбандарының хикаясын ASTANA TV телеарнасынан жұмыс күндері 21:00-де тамашалаңыздар!