Түркістан қаласындағы қонақүй маңында төбелескен жастар оқиға орнында қолға түсті. Тәртіп сақшылары жастардың төбелесін бейнебақылау жүйесі арқылы байқаған. Содан бірден патрульдік полиция қызметіне хабар берген. Оқиға орнына 2 минутта жеткен тәртіп сақшылары жарақаты бар жәбірленуші жігіт пен жасырынуға тырысқан күдіктіні ұстады.
– «Аталған жайт ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі «Бұзақылық» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Толық мән-жайды анықтау үшін күдікті ретінде ұсталған Кентау қаласының тұрғыны полиция басқармасына жеткізілді. Ал, зардап шеккен ер адамға жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетті», – дейді Түркістан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының бастығы Сәбит Бахтығалиев.