Бірнеше өңірде жол жабылды
Бірнеше өңірде жол жабылды
305
оқылды
Ауа температурасының 30 градусқа дейін күрт төмендеуіне байланысты Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы кейбір тас жолдарда жолаушылар автобустары мен дизель отынын тұтынатын көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді. Абай облысындаауа температурасының 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолдар жабылды. Атап айтқанда, «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 587-733 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы мен Семей қаласының аралығы), «Семей-РФ шекарасы» тасжолының 3-113 шақырымы, «Семей-Қайнар» тасжолының 8-266 шақырымы, «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымы (Герасимовка ауылы мен Семей аралығы) жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельді жеңіл көліктері үшін жабылды. Шығыс Қазақстанда аталған көлік түрлеріне «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-102,105-123 шақырымдарында жүруге тыйым салынған. Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 427-587 шақырымында автобустар мен дизель отынымен жүретін жеңіл көліктердің қозғалысы шектелді.