Ақмола облысында мешітті бес рет тонады деген күдікпен жас жігіт ұсталды
Ақмола облысында мешітті бес рет тонады деген күдікпен жас жігіт ұсталды
561
оқылды
Ақмола облысы Қоянды ауылында Алланың үйіне ұрын кіріп, садақадан жиналған қаражатты қағып кетті деген күдікпен жас жігіт ұсталды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. 
"Қоянды ауылының мешітіне сағат 11-12 шамасында бардым. Барып, соның ішіндегі жәшікте ақшаны күттім", - деп мойындады күдікті.
Мешітке түн ішінде пластикалық есікті бұзып кірген жігіт сейфке жету үшін күзеттен бұғып, жәшікте жатқан. Қауіп сейілген кезде, садақа салынған сейфтің есігін бұзған. Сөйтіп, 650 мың теңгені алып кеткен.
"Көп кешікпей қолға түскен күдікті садақадан жиналған ақшаны жезөкшелерге жұмсағанын айтқан. Бұл азамат үшін мешіт тонау таңсық емес сияқты. Оңтүстіктен келіп, Қосшы кентінде тұрып жатқан ол осымен бес мешітті үптеп кеткен", - деп хабарлайды КТК арнасы.