Қызылорда облысында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды

Қызылорда облысында жол апаты болып, 4 адам көз жұмды

Қызылорда облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 адам көз жұмды. 14 желтоқсан күні Қызылорда облысының Теренөзек-Қызылорда тас жолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан 4 адам көз жұмып, бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.