ДДСҰ Қытайдан тыс аймақтарда коронавирусты жұқтырғандардың өсуіне алаңдаулы
ДДСҰ Қытайдан тыс аймақтарда коронавирусты жұқтырғандардың өсуіне алаңдаулы
5,215
оқылды
ДДҰ-ның хабарлауынша, әлемде Қытайға барған адамдармен тікелей байланыссыз да ауру жұқтырудың бірнеше оқиғасы орын алған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Адан Гебрейесус Қытайдан тыс аймақтарда коронавирус ауруының 1 200 жағдайы туралы мәлімдеді. Жаңа коронавирустың Қытайдан тыс жерлерде таралуы індетті бақылауда ұстаудың мүмкіндіктері азайғанын көрсетеді. "Қытайдан тыс жерлерде COVID-19 оқиғаларының жалпы саны салыстырмалы түрде аз болғанымен, біз Қытайға бармаған және расталған жағдайлары бар пациенттермен байланыспаған адамдарда нақты эпидемиологиялық байланысы жоқ ауру оқиғаларына алаңдаушылық танытамыз", – деді ұйым басшысы. Ол екі дәрі-дәрмекті сынақтан өткізу тек үш аптадан кейін аяқталатынын атап өтті. Тедрос Адан Гебрейесус Қытайда ауру жағдайларының саны төмендегенін атап өтті.  Бұл ретте, ДДҰ басшысының пікірінше, әзірге індеттің таралуы жөнінде болжам жасау ерте. Осыған байланысты ол Иран, Оңтүстік Корея және Италиядағы жағдайға ерекше алаңдаушылық білдірді. ҚХР-дан тыс жерлерде, сенбі, 22 ақпандағы жағдай бойынша, аурудың 1 200 жағдайы тіркелген. Сегіз адам қайтыс болды. Қытайда өлім-жітім саны 2 345-ге жекен, 20,6 мыңнан астам адам сауығып кетті, вирустың таралу кезінде жұқтырғандар саны 76,3 мың адамға жақындады.