Франция Марокко құрамасын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты
Франция Марокко құрамасын жеңіп, әлем чемпионатының финалына шықты
578
оқылды
Франция құрамасы Марокко құрамасын жеңіп, Катарда өткен әлем чемпионатының финалына шықты. «Аль-Байт» стадионында өткен турнирдің екінші жартылай финалдық ойыны 2:0 есебімен аяқталды. Кездесудің 5-минутында Тео Эрнандес қақпашы Ясин Бонадан басым түсіп, матчта есеп ашты. Кездесудің 80-минутында Килиан Мбаппе бірнеше ойыншыны алдап өтіп, қақпаға бағыттаған добына алаңға тыңнан қосылған Рэндал Коло Муани аяғын қоя салды – 2:0. Осылайша, Марокконы 2:0 есебімен жеңген Франция 18 желтоқсанда Месси бастаған Аргентина құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.