15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Фото: vkurse.kz
477
оқылды
«Қазгидромет» бүгінге арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек қана еліміздің оңтүстігінде, түнде батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман түседі. Айта кетейік, аязға байланысты Абай облысында ауа температурасының 30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты жолдар жабылды. Атап айтқанда, «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 587-733 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы мен Семей қаласының аралығы), «Семей-РФ шекарасы» тасжолының 3-113 шақырымы, «Семей-Қайнар» тасжолының 8-266 шақырымы, «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымы (Герасимовка ауылы мен Семей аралығы) жолаушылар тасымалдайтын автобустар мен дизельді жеңіл көліктері үшін жабылды. Шығыс Қазақстанда аталған көлік түрлеріне «Өскемен-Шемонаиха-Ресей Федерациясының шекарасы» тасжолының 15-102,105-123 шақырымдарында жүруге тыйым салынған. Павлодар облысында «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 427-587 шақырымында автобустар мен дизель отынымен жүретін жеңіл көліктердің қозғалысы шектелді. Кенжекөл кенті мен Абай облысына дейін жол жабық.