Коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп, бір адам көз жұмды

Коронавирусқа шалдыққандар саны көбейіп, бір адам көз жұмды

Қазақстанда бір тәулікте 279 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Өткен тәулікте коронавирустан 1 адам қайтыс болды. Бүгінде 2 008 адам коронавирустан (1 897+ және 111 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 308 пациент стационарда, 1 700 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: – 13 адамның жағдайы ауыр; – 1 пациенттің жағдайы өте ауыр; – 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.