Apple спутниктік байланыс функциясын кеңейтеді
Apple спутниктік байланыс функциясын кеңейтеді
Apple компаниясы спутникке қосылған қызметтер санын көбейтті. Компания жерсеріктер арқылы дыбыс пен бейнені беру технологиясына патент алды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды

Apple компаниясы спутник арқылы алатын қызметтер санын кеңейтеді. АҚШ-тың патент және сауда белгілері жөніндегі басқармасы Apple компаниясына «Байланыс терминалы» деп аталатын патентті ресми түрде берді. Енді компания жерсеріктер арқылы дыбыс пен бейнені беру технологиясын қолдана алады. Бұл туралы Patently Apple басылымына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.

[caption id="attachment_232260" align="aligncenter" width="1598"]Picture2 Apple компаниясы жақын күндері АҚШ-тан тысқары жерде Emergency SOS опциясын да іске қосты. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Басылымның журналистері желтоқсанда Apple компаниясы спутниктер арқылы деректерді беру технологиясына патент алғанын байқады. Сонымен бірге компания желтоқсанда АҚШ-тан тысқары жерде Emergency SOS опциясын да іске қосты. Бұл опция ұялы байланыс болмаған кезде жедел қызметтерге SMS арқылы хабарласуға мүмкіндік береді.

Патенттің сипаттамасында спутниктер мультимедиалық деректерді (ағындық видео, телевизиялық сигналды, спутниктік радио және т.б.), мәтінді, аудио және видео файлдарды да жіберуге болатыны айтылған. Спутник арқылы интернетке қосылу мүмкіндігі де қарастырылған.

[caption id="attachment_232262" align="aligncenter" width="1807"]Picture3 «iPhone қолданушылары болашақта жалпы спутниктік байланысты кеңінен қолдана алады» деген болжамдар айтылуда. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]

Patently Apple басылымының пікірінше, Apple компаниясының болашақтағы жоспары төтенше жағдайға тап болған iPhone қолданушыларын қолдау ғана емес, жалпы спутниктік байланысты кеңінен қолдану болуы мүмкін.

Журналистер қараша айында Apple спутниктік байланысты дамытуға 450 миллион доллар инвестиция салғанын еске алды.

Ресейлік Lenta.ru да қыркүйек айында SpaceX басшысы Илон Маск оның корпорациясы Apple компаниясымен смартфондарда спутниктік байланысты іске қосу туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын, «iPhone командасы өте ақылды екені анық», – деп Маск Тим Куктың компаниясын мақтағанын айтады.