Twitter әлеуметтік желісі жеке ұшақтардың ұшу бағыттарын қадағалайтын бірнеше аккаунтты бұғаттады. Оның ішінде, осы әлеуметтік желінің иесі, америкалық бизнесмен Илон Масктың жеке ұшағының қозғалысын бақылайтын аккаунт та бар. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды.
[caption id="attachment_232267" align="aligncenter" > «Маск сөз бостандығын қорғайтынын айтқан еді. Бірақ бұл оның айтқанына мүлдем қарама-қайшы», – дейді Джек Суини. Фото prostomob.com сайтынан алынды[/caption]Орталық Флорида университетінің студенті Джек Суини 2022 жылдан бері @ElonJet атты аккаунт жүргізіп, бизнесменнің ұшағының қозғалысы туралы ашық дереккөздерден алынған мәліметтер жариялап келді. Бірнеше күн бұрын оның аккаунтында «Сіздің тіркелгеніңіз уақытша тоқтатылды. Мұқият қарап шыққаннан кейін біз сіздің тіркелгеніңіз Twitter саясатын бұзды деген қорытындыға келдік» деген хабарлама пайда болған.
[caption id="attachment_232268" align="aligncenter" > Маск 19 жастағы студентпен бірнеше рет хабарласып, аккаунт оның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін түсіндіріп, аккаунтты жабуын сұраған. Кәсіпкер 5 мың долларға ұсыныс жасаған, бірақ студент 50 мың сұраған. Фото protocol.com сайтынан алынды[/caption]Аккаунттың бұғатталуы туралы: «Маск сөз бостандығын қорғайтынын айтқан еді. Бірақ бұл оның айтқанына мүлдем қарама-қайшы», – дейді Джек Суини.
2022 жылдың қаңтарында protocol.com сайтында Маск 19 жастағы студентпен бірнеше рет хабарласып, @ElonJet парақшасы оның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін түсіндіріп, аккаунтты жабуын сұраған.
Суини кәсіпкерден 5 мың долларға ұсыныс алған, бірақ ол 50 мың сұрап, бұл сомадан бас тартқан. Содан бері Маск онымен байланысқа шықпаған.