ЖЭО-дағы өрт: енді қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр
ЖЭО-дағы өрт: енді қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр
Фото: ТЖМ-нен алынды
407
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Семейдегі Жылу электр орталығында өрт болды. Құтқарушылар мен әскери қызметшілер Семей қаласының 1-жылу электр орталығындағы қазандыққа көмірді қолмен салып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«15 желтоқсанда сағат 00.34-те Абай облысының Семей қаласында 1-ЖЭО-да ұзындығы 6 метр алаңда транспортер лентасы мен электр кабельдері жанған болатын. Сағат 01.36-да өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан қатты отын – көмір беру жүйесінің жұмысы тоқтатылды. Сағат 10-нан бастап Төтенше жағдайлар және Қорғаныс министрліктері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері үздіксіз режимде қазандық агрегаттарына көмірді қолмен салып жатыр», – делінген министрліктің ресми хабарламасында.
 width= Бұған дейін Екібастұз, Өскемен, Рудный, Риддер қаласының тұрғындары жылусыз қалғанын хабарлаған болатынбыз.