Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбазының асылып қалған денесі табылды
Жаңаөзенде Ұлттық ұлан сарбазының асылып қалған денесі табылды
Фото: tengrinews.kz
498
оқылды
Жаңаөзендегі 5548 әскери бөлімінің жатақханасында 19 жастағы әскери қызметшінің денесін әріптесі тауып алған. Бұл туралы Ақтау гарнизоны әскери прокуроры Ерлан Құтқожа мәлімдеді, – деп хабарлады Lada.kz.
«Марқұм 2021 жылдан бері Ұлттық ұлан қатарында қызмет етті. Ол Ақтөбе облысынан келген. Келісімшарт бойынша сапёр-маман болып қызмет атқарған. Үйленбеген. Қайғылы оқиға туралы туыстарына хабарланды. Қазір барлық жағдайды нақтылап жатырмыз. Қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды»,– деді Е. Құтқожа.
Еске салайық, биыл жазда Ұлттық ұланның Степногор  мен Ақтаудағы екі әскери қызметкері асылып қалған болатын.