ЖОО студенттерінің шәкіртақысы 2 есе өседі
ЖОО студенттерінің шәкіртақысы 2 есе өседі
585
оқылды
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, ЖОО студенттерінің стипендиясы 2025 жылға дейін 2 есеге ұлғайтылады. 2026-2030 жылдар аралығындағы жұмыс осы тапсырма шеңберінде жалғастырылатын болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Telegram каналында хабарлады.
«Барлық студенттерге білім алу үшін қажетті әлемдік цифрлық ресурстарға қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша, білім беру бағдарламаларына енгізу үшін өзекті курстар іріктелді. 654 Coursera курсы мен 650 білім беру бағдарламаларының тізімі жасалды және ол 1 500 пәнге қолданылуы мүмкін. Студенттік жатақханалар салу кезінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру мерзімін 8 жылдан 6 жылға дейін қысқарту және жатақханадағы бір орынға мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін 122 АЕК-тан 195 АЕК-қа дейін, Алматы қаласы үшін 144 АЕК-тан 230 АЕК-қа дейін ұлғайту арқылы қолданыстағы мемлекеттік-жеке әріптестік тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілуде»,– делінген министрліктің хабарламасында.