"500 000 теңгені алдап алған": Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды
"500 000 теңгені алдап алған": Қызылордада Антикордың жалған қызметкері ұсталды
404
оқылды
2022 жылдың 13 желтоқсанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп 1988 жылы туған азаматты ұстады. Ол өзін «Антикордың Қызылорда облысы бойынша Өзіндік қауіпсіздік қызметкері» ретінде көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жұмысқа орналастыру сылтауымен қала тұрғынын алдау және оның сенімін теріс пайдалану арқылы 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденген  Ж. есімді азаматты әшкереледі. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.