Франция – Марокко матчынан кейін жанкүйерлер қақтығысында 14 жасар жасөспірім көз жұмды
Франция – Марокко матчынан кейін жанкүйерлер қақтығысында 14 жасар жасөспірім көз жұмды
© pixabay.com
Франция – Марокко матчынан кейін Монпелье қаласында франциялықтар мен этникалық марокколықтар арасында қақтығыстар болды,  – деп хабарлайды ҚазАқпарат. RMC Sport мәліметіне қарағанда, Францияның аталған қаласында қақтығыс салдарынан 14 жасар жасөспірім көз жұмды. Франция құрамасының жанкүйерлері отырған автокөлікке белгісіз адамдар келіп, терезеден шығып тұрған ұлттық құрама жалауын жұла бастаған. Жүргізуші орнынан кілт қозғалып, 14 жасар ұл баланы қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан жасөспірім ауруханада қайтыс болды. Мұның алдында жаппай қақтығыс салдарынан жарақат алғандар бар екені хабарланған еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мессидің әлем чемпионаттарында Аргентина құрамасының үздік сұрмергені атанғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ үздік ойыншы Месси әлем чемпионаттарының рекордын орнатты. Франция құрамасының қақпашысы Уго Льорис Мануэль Нойердің жетістігін қайталады. Футболдан әлем чемпионатында Франция финалға шықты.