Астанада Нұра деген атаумен жаңа аудан пайда болды

Астанада Нұра деген атаумен жаңа аудан пайда болды

Астана  қаласында құрылған жаңа ауданға «Нұра» атауы берілетін болды. Бұл туралы Астана қаласы мәслихаты хабарлады. Бастапқыда Астана қаласының мәслихаты кезекті қоғамдық тыңдау кезінде жаңа ауданға біріншісі Нұра, екіншісі Қараөткел деген екі атау ұсынған.

«Біз жаңа ауданға не Нұра деген, не Қараөткел деген атау ұсынып келдік. Нұра – Ақмола және Қарағанды облыстарында бар өзен. Ал Қараөткел болса орта ғасырда ең ірі сауда орталығы болған»,  – деді қалалық тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының жетекшісі Сәкен Есіркеп.
Қоғамдық талқылаудан кейін депутаттар Нұра атауына тоқтап, жаңа ауданның аппаратын құру үшін шамамен 390 млн теңге кететінін хабарлады.
«Астана қаласында құрылған жаңа ауданға «Нұра» атауы берілсін. Осы бірлескен Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі»,  – делінген қаулыда.