Қазақстан мен Қытай арасындағы бақылау-өткізу бекеттері уақытша жабылады
Қазақстан мен Қытай арасындағы бақылау-өткізу бекеттері уақытша жабылады
282
оқылды
Қазақстан мен Қытай арасындағы бақылау-өткізу бекеттері уақытша жабылады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды.
«Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады. Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.