Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Еліміздің екі облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с, кей тұстарда 30 м/с және одан да көп көлемді құрайды деп күтіледі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп болжанады. Бұған дейін синоптиктер Тәуелсіздік күнінде еліміздегі ауа райы болжамымен бөліскен болатын.