Бішкекте қырғыздар қазақстандықтың 18 миллион теңгеден аса ақшасын тартып алған
Бішкекте қырғыздар қазақстандықтың 18 миллион теңгеден аса ақшасын тартып алған
Бішкекте қазақстандықты тонап кеткен. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жәбірленушіден 40 мың доллар (18,7 миллион ​​теңге) алып кеткен. Бішкек қалалық МІІБ мәліметінше, 10 желтоқсанда Қазақстан азаматы Октябрь аудандық ішкі істер басқармасына 7 желтоқсанда сағат 15:00-де Ботаникалық бақта өзіне шабуыл жасаған белгісіз тұлғаларға шара қолдануды сұрап арызданған. Олар тапаншамен қорқытып, жәбірленушінің 40 мың долларын алып кеткен. Тонау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел уәкілдерге қарақшылық шабуылға үш адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысы бар екені белгілі болды.
"Қылмыстық іздестіру қызметкерлері арнайы жасақ қолдауымен ҰҚТ мүшелері ретінде жедел есепте тұрған күдіктілерді ұстады. Октябрь аудандық соты күдіктілерді екі ай мерзімге Бішкек-1 тергеу изоляторына қамауға алды", - деді милиция өкілдері.
Күдіктілердің бірінің үйін тінту кезінде 5,5 мың доллар мен бес оқ, травматикалық Макаров тапаншасы тәркіленген.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Пресс-служба ГУВД г.Бишкек 🇰🇬 (@guvd_bishkek)