Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының үздік ойыншысы кім?
Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатының үздік ойыншысы кім?
361
оқылды
Лионель Месси мен Килиан Мбаппе Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында үздік ойыншылар тізімінде көш бастап тұр. Goalбасылымы жартылай финалдық матчтар өткеннен кейін үздік он ойыншының тізімін жаңартты. Бұдан бұрынғы тізіммен салыстырғанда, үздік үштік өзгеріссіз қалды. Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси көш басында болса, Франция шабуылшылары Килиан Мбаппе мен Антуан Гризманн екінші, үшінші орында. Үздік ондық: Лионель Месси (Аргентина); Килиан Мбаппе (Франция); Антуан Гризманн (Франция); Софьян Амрабат (Марокко); Ашраф Хакими (Марокко); Николас Отаменди (Аргентина); Хулиан Альварес (Аргентина); Оливье Жиру (Франция); Бруну Фернандеш (Португалия); Ришарлисон (Бразилия). Үздік ондықтағы өзгеріс, оған Аргентина қорғаушысы Николас Отаменди, шабуылшысы Месси Хулиан Альварес және Франция сұрмергендерінің бірі Оливье Жиру кірді.