«Жастар рухы» акция өткізді

«Жастар рухы» акция өткізді

Тәуелсіздік күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері елордадағы «Қаламгерлер» аллеясында «Алаш» қозғалысының көшбасшыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Бүгін «AMANAT» партия­сының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қо­йып, оларды бір минут үнсіз­дікпен еске алды. Ұйымдас­ты­рушылардың айтуынша, «Тә­уелсіздік – ұлт рухының діңгегі» акциясы – Азаттық жолында құрбан болған «Алаш» қоз­ға­лысының ұлы қайраткерлеріне көрсетілген құрмет. «Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың ай­туынша, Тәуелсіздік – халқы­мыздың қастерлі құндылығы екенін жастар қауымы жақсы түсінуі тиіс.

«Тәуелсіздік – еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті ұғым. Соның арқасында Қазақ­стан жемісті жетістіктерге қол жеткізді. Бостандық ұлттық ру­хымыздың «өзегі» екенін жастар қауымы терең түсінсе дейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Алаш қайраткерлерінің дербес мемлекет болып, жер жүзімен терезесі тең қатынас орнату жө­ніндегі арман-мақсаты жүзеге асты. Тәуелсіздікті нығайту және мемлекеттілікті қорғау – тарлан тарих пен болашақ ұр­пақ алдындағы парызымыз екеніне сенімдімін», – деді Нұр­жан Жетпісбаев.
Осындай іс-шаралар елі­міздің барлық өңірінде өтті.