Ардақ тұтам атыңды...

Ардақ тұтам атыңды...

Кез келген тілдегі жер-су атаулары – елдің ұлттық дүниетанымының, рухани болмысының, құндылықтар жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі, тарихи жәдігері, мәдени мұрасы. Біздегі қастерлі ұғымдардың бірі Тәуелсіздік болса, соған қатысты уақиғалар мен тұлғалардың да халқымыз үшін орны ерекше. Оларды ұмытпау үшін есімдерін дәріптеп, құрметіне көше берді. Біз Atau.kz ономастикалық электронды база деректерін пайдаланып, еліміздегі осындай көшелер санын анықтап көрген едік.