Біз осы күні азаттық жолында құрбан болған батырларымызға тағзым етеміз – Ерлан Қошанов
Біз осы күні азаттық жолында құрбан болған батырларымызға тағзым етеміз – Ерлан Қошанов
300
оқылды
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.   Құрметті отандастар! Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы. Біз осы күні азаттық жолында құрбан болған батырларымызға тағзым етеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тәуелсіздік бәрінен қымбат! Халқымыз үшін елдік пен егемендіктен асқан құндылық жоқ. Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалардың, ауқымды өзгерістің барлығы сол тәуелсіздігімізді нығайтуға, аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз етуге, ұлт бірлігін бекемдей түсуге бағытталып отыр. Біз бұл бағытымыздан таймауымыз қажет. Бабалардың ерлікке толы жолы Жаңа Қазақстанның даму, дәуірлеу жолымен жалғасуда. Сондықтан осы мерекенің құндылығын әрбір қазақстандық терең түсінуі керек. Біз егемен еліміздің бойтұмарындай болған бірлігімізді, тұрақтылығымызды сақтап, Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!