Ауа райының қолайсыздығы Қазақстандағы кейбір жол учаскелерінің жабылуына себеп болды

Ауа райының қолайсыздығы Қазақстандағы кейбір жол учаскелерінің жабылуына себеп болды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше жол учаскелерінде қозғалыс шектелді, – деп хабарлайды "Қазавтожол"ҰК" АҚ. Көліктің барлық түрлері үшін Астанадан Екібастұз жағына шығуға тыйым салынды. Қарағанды-Балқаш бағыты бойынша қозғалыс жабылды. Еліміздің шығысында қар көшкіні қаупіне байланысты Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары автожолы жабық болып қалуда. Өскемен-Аягөз бағыты бойынша да осындай жағдай. Құтқарушылар жүргізушілерді алыс сапарларын алдын ала жоспарлауды сұрайды.