Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының президентімен телефон арқылы сөйлесті
Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы  Президентіне құттықтағаны үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас қырғыз елімен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамуына көңілі толатынын атап өтті.