Америкалық Google корпорациясы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Америкалық Google корпорациясы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Әйгілі америкалық Google корпорациясы елімізді және қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сервис әзірлеушілері іздеу жолағын Қазақстан Туының түстері мен стилінде әзірлеген. Сілтемені басқан кезде пайдаланушы Қазақстанның Тәуелсіздік күні туралы бетке өтеді. Айта кетейік, технология алыбы республика тұрғындарын осы датамен алғаш рет 2011 жылдың желтоқсанында құттықтаған болатын.