Қазақстандағы АҚШ елшілігі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстандағы АҚШ елшілігі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
524
оқылды
Қазақстандағы АҚШ елшілігі Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"АҚШ миссиясы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын мызғымас қолдауымыз біздің берік қарым-қатынасымыздың және стратегиялық әріптестікті нығайтудың негізі болып қала береді", - делінген құттықтауда.
Айта кетейік, биыл Қазақстан Республикасы мен АҚШ дипломатиялық қатынастың 30 жылдығын атап өтті. Американың кейбір қалаларында Тәуелсіздік күніне орай бүгін және ертең Қазақстан Туы көтеріліп, концерттер мен салтанатты іс-шаралар өтеді.