БҚО-да ауа райына байланысты жолдар жабылды
БҚО-да ауа райына байланысты жолдар жабылды
Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды. «ҚазАвтоЖол» ЖШС БҚО филиалының мәліметінше, 16 желтоқсан күні сағат 14.00-ден бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолында (266-480 шақырым, Теректі ауданы Подстепный ауылынан Қаратөбенің Қоскөліне дейін) барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылған. Сонымен қатар республикалық маңызы бар Орал-Атырау жолы да (492-227 шақырым, Оралдан Тайпақ ауылына дейін) жабық. Жабылу себебі - жаңбыр, көктайғақ. БҚО ТЖ департаменті ескерту жарияланғанын жеткізіп, қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпау керегін еске салады.