Сарапшы Аргентина - Франция арасындағы финал жеңімпазын атады
Сарапшы Аргентина - Франция арасындағы финал жеңімпазын атады
Фото: daytimenews.ru
3,030
оқылды
Британдық белгілі журналист әрі тележүргізуші Пирс Морган Франция құрамасы әлем чемпионы атағын қорғап қалады деп ойлайды. Ол Қатардағы  әлем чемпионатында француздар Аргентина құрамасын ұтатынына сенімді, - деп хабарлады vesti.kz. «Франция қалай болса да, әлем чемпионатында жеңіске жетеді де, Мессидің жүрегін қарс айырады деп ойлаймын!», - деп береді Морганның сөзін talksport.com. Еске салайық, 2022 жылғы әлем чемпионатындағы Франция мен Аргентина арасындағы финал 18 желтоқсанда өтеді. Ал бір күн бұрын Хорватия мен Марокко қола жүлдені сарапқа салады.