Месси Францияға қарсы матчқа шықпауы мүмкін
Месси Францияға қарсы матчқа шықпауы мүмкін
863
оқылды
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионатының финалы алдындағы жаттығуға қатыспады, деп жазады Sport-express.ru. Футболшы кішігірім жарақатына байланысты команданың негізгі жаттығуына қатыспады. Ол Хорватиямен өткен жартылай финалда аяғын ауыртып алған. Бапкерлік штабтың пікірінше, ол финалдық матчқа толыққанды дайын болуы тиіс. 35 жастағы Месси биылғы турнирде алаңға алты рет шығып, бес гол салды. Еске салайық, Қатардағы мундиальдың финалында Аргентина мен Франция құрамалары кездеседі. Ойын 18 желтоқсанда өтеді.