Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды
Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды
209
оқылды
Жетісу облысында 30 адам қар құрсауынан құтқарылды. Бұл туралы  ТЖМ хабарлайды.
«16 желтоқсанда «Үшарал-Достық» автожолының «Ырғайты» учаскесінде ауа-райына байланысты (боран, нөлдік көріну) қар құрсауында бірнеше автокөліктің тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сағат 15.30-да Жетісу облысы ТЖД қызметкерлерінің күшімен (12 қызметкер және 3 бірлік техника) 14 автокөліктің салондарынан 24 адам құтқарылды»,- делінген хабарламада.
Сонымен қатар сол күні таңертең ТЖД құтқарушылары «Үшарал-Достық» автожолына 15 желтоқсан күні кешке қарда тұрып қалған үш көліктен 6 адам қауіпсіз жерге жеткізілген.