Қызылорда облысында көлік түйеге соғысып, бір адам қаза тапты
Қызылорда облысында көлік түйеге соғысып, бір адам қаза тапты
353
оқылды
Қызылорда облысында көлік түйеге соғылды. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға «Қызылорда-Жалағаш» тасжолының Сырдария ауданы аумағында болған.
«Жол бойында «Мазда-626» автокөлігі түйе малын қағып кеткен. Жол апатынан 1 адам көз жұмып, 1 адам ауруханаға жатқызылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы  3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен.
Ведомство мәліметінше, тиісті сот сараптамасы тағайындалған. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.