Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды
Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды
451
оқылды
Қызылордада көпірден секірген ер адам қайтыс болды. Оқиға 17 желтоқсанда сағат 00:00 шамасында болған. Сол уақытта облыс орталығында орналасқан сол жағалаудағы көпірден ер азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама 102 арнасына түскен. «Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында азамат қайтыс болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінен. Ведомство мәліметінше, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Еске салсақ, бұл - бес күннің ішінде кездесіп отырған екінші жағдай. Бұдан бұрын Қызылордада әйел көпірден секіріп қаза тапты.