Ақтөбеде балалар мінген көлік аударылып кетті
Ақтөбеде балалар мінген көлік аударылып кетті
7,533
оқылды
Ақтөбеде жаттықтырушы мен балалар мінген көлік жол апатына ұшырап, бір бала көз жұмды, - деп хабарлайды Polisia.kz. 2022 жылғы 17 желтоқсанда Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тасжолының 68-шақырымында Темір ауданының 32 жастағы тұрғыны басқарған Toyota Estima автокөлігі аударылды. Автокөлік ішінде 11 адам, оның ішінде 2010-2011 жылдары туған 9 бала болды. Олар Шұбарқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына волейболдан жарысқа қатысу үшін шыққан. Оқиға салдарынан 1 бала жол-көлік оқиғасы болған жерде көз жұмды, қалған 8 бала Ақтөбе қаласындағы облыстық  балалар ауруханасына жеткізілді.