Қазақстандық спортшы жүзуден әлем чемпионатында рекорд орнатты
Қазақстандық спортшы жүзуден әлем чемпионатында рекорд орнатты
Қазақстандық Әділбек Мусин Мельбурн қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатының жартылай финалына өтті. Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен 100 метр қашықтықты 50,64 секундта жүзіп өтіп, Қазақстан рекордын жаңартты. Іріктеу кезеңінде ол бесінші рет жүзуде мәреге бірінші болып жетті. Нәтижесінде 1/2 финалға жолдама алған 16 мықтының қатарына кіре алды.