Хорватия құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Хорватия құрамасы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Хорватия құрамасы Қатарда өткен әлем чемпионатында Марокко құрамасын ұтып, үшінші орын алды. Дохадағы Халифа халықаралық стадионында өткен үздік үштік үшін ойын 2:1 есебімен еуропалық команданың пайдасына аяқталды. Кездесудің басында командалар әдемі айып соққыларынан кейін голдармен алмасты: алдымен Йошка Гвардиол күрделі комбинацияны сәтті аяқтады, содан кейін Ашраф Дари хорваттарға жауап голын соқты. Матчтың 42-минутында Мисслав Орсич дәл соққымен Еуропа құрамасын тағы да алға шығарды. Екінші кезеңде де хорватиялықтар тізгінді өз қолынан шығармауға тырысты. Екі құраманың да есепті өзгертетін мүмкіндігі болған еді. Осылайша Хорватия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, қола жүлдеге қол жеткізді.