Apple компьютері 442 000 долларға сатылды
Apple компьютері 442 000 долларға сатылды
Әлемді өзгерткен Джобстың қолымен жасалған алғашқы компьютер 442 мың долларға сатылды. Фото slashgear.com сайтынан алынды
619
оқылды
Егер қалтаңызда артық 442 000 доллар жатса аукционға қатысып, 4 КБ жедел жады, 1 МГц процессоры және 40 таңбалы экраны бар компьютер сатып алуға болады. Салыстырмалы түрде айтсақ, құны 100 доллар тұратын Chromebook құрылғысының жады миллион есе көп, процессоры 2800 есе жылдам. Бұл туралы Slash Gear платформасына сілтеме жасап Aikyn.kz хабарлайды. [caption id="attachment_232617" align="aligncenter" width="1681"]Рисунок2 Әлі де жұмыс істейтін әлемдегі соңғы Apple I компьютері, пернетақтамен және Джобстың өзі жазған «01-00002» сериялық нөмірімен белгіленген. Фото slashgear.com сайтынан алынды[/caption] Apple компаниясының аты аңызға айналған, құны 442 000 АҚШ доллары болатын компьютерді Стив Джобс өз қолымен жасаған. Бұл — баға белгілеудегі шешуші фактор.
Сонымен бірге RR Auctions сатқан 442 000 долларлық техника компьютер тарихының аңызға айналған бөлігі. Ол – әлемдегі әлі де жұмыс істейтін соңғы Apple I компьютерлерінің бірі, пернетақтамен және Джобстың өзі жазған «01-00002» сериялық нөмірімен белгіленген.
Apple I компанияның танымал да, табысты да өнімі емес. Бұл сипаттар оның мұрагері Apple II моделіне тиесілі. Ал Apple I заманауи дербес компьютерлердің қалай пайда болғанын және олардың бүгінде қаншалықты дамығанын көрсетеді. [caption id="attachment_232618" align="aligncenter" width="1792"]Рисунок3 Джобс пен Возняк 1976 және 1977 жылдары он айдың ішінде 200-ге жуық осындай компьютер құрастырды. Олардың әрқайсысы қолмен жиналған. Фото slashgear.com сайтынан алынды[/caption] [caption id="attachment_232619" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Алғашқы Apple I дербес компьютерінің нұсқаулығы. Фото slashgear.com сайтынан алынды[/caption]
Apple I жаппай нарыққа шығарылған алғашқы компьютерлердің бірі болды. Джобс пен Возняк 1976 және 1977 жылдары он айдың ішінде 200-ге жуық осындай компьютер құрастырды. Олардың әрқайсысын Стив Джобс пен Стив Возняк бірнеше достарымен бірге қолмен жинаған.
Apple I дербес компьютерлері жергілікті The Byte Shop технологиялық желісінде сатылды. Дүкеннің иесі Пол Террелл Apple I машиналары алдын ала құрастырылған жағдайда ғана сатылатынын айтып, талап қойды. Бұған дейін компьютерлер жек бөлшектер күйінде сатылып, оны сатып алушы өзі құрастыруы қажет болды. Джобс пен Возняк өз өнімдерін нарыққа толық құрастырылған дайын күйінде шығарды. Осылайша, Apple I әлемдегі алғашқы шынайы дербес компьютерлердің бірі болды.
Осы алғашқы 200 дана Apple I компьютері корпорацияның жаһандық жетістігінің алғашқы іргетасы саналады. Одан кейінгі Apple II моделі коммерциялық жағынан табысты: 6 миллион данамен сатылды.
Нарықты, тұтынушыны дербес компьютерлерге дайындаған да, оны алғашқы жасаған да Apple компаниясы болды. Сол үшін де оны технологиялық жаңарудың үлгісі деп бағалайды.