Ресейлік «Союз МС-22» кемесінде апат болды
Ресейлік «Союз МС-22» кемесінде апат болды
Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) түйіскен «Союз МС-22» ғарыш кемесінің жылуды реттеу жүйесінде ақаулықтар байқалды. Фото Roscosmos / NASA сайтынан алынды
4,195
оқылды
Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) түйіскен «Союз МС-22» ғарыш кемесінің жабдығы жылуды реттеу жүйесіндегі апат салдарынан істен шығуы мүмкін. Aikyn.kz ресейлік ғарыш кемесіндегі жағдайды РИА Новости және Lenta.ru сайттарында жарияланған материалдар негізінде ұсынады. [caption id="attachment_232632" align="aligncenter" width="1224"]Рисунок6 Ақаулық кеменің қалыпты температура мен ылғалдылықты сақтайтын жылуды реттеу жүйесінде пайда болған. Техникалық жабдықтар Күннің көзімен қызып, Жердің көлеңкесінде қатып, істен шығуы мүмкін. Фото NASA TV сайтынан алынды[/caption] Жағдайдың күрделі екенін мамандар да айтуда. Ақаулық кеменің қалыпты температура мен ылғалдылықты сақтайтын жылуды реттеу жүйесінде орын алған.
Нәтижесінде, техникалық жабдықтар Күннің көзімен қызып, Жердің көлеңкесінде қатып, істен шығуы мүмкін.
Зымыран-ғарыш саласының баспасөз қызметі жағдай ұдайы бақылауда екенін мәлімдеді. Қазір  мемлекеттік корпорация мамандары кемедегі құралдардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жылу режимін қамтамасыз етуді ойластыруда. [caption id="attachment_232633" align="aligncenter" width="1744"]Рисунок7 2023 жылдың 16 наурызына жоспарланған «Союз МС-23» ғарыш кемесінің ұшырылуы мерзімінен бұрын жүзеге асуы мүмкін. Фото gettyimages.com сайтынан алынды[/caption]
Мамандар 2023 жылдың 16 наурызына жоспарланған «Союз МС-23» ғарыш кемесінің ұшырылуы мерзімінен бұрын жүзеге асуы мүмкіндігін айтуда.
Бұған дейін ХҒС-қа түйіскен «Союз МС-22» кемесінің жылуды реттеу жүйесіндегі саңылаудың салдарынан ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелиннің ғарышқа шығуы тоқтатылғаны бейнекамераға түсіп қалған.