Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) түйіскен «Союз МС-22» ғарыш кемесінің жабдығы жылуды реттеу жүйесіндегі апат салдарынан істен шығуы мүмкін. Aikyn.kz ресейлік ғарыш кемесіндегі жағдайды РИА Новости және Lenta.ru сайттарында жарияланған материалдар негізінде ұсынады.
[caption id="attachment_232632" align="aligncenter" width="1224"]
Нәтижесінде, техникалық жабдықтар Күннің көзімен қызып, Жердің көлеңкесінде қатып, істен шығуы мүмкін.Зымыран-ғарыш саласының баспасөз қызметі жағдай ұдайы бақылауда екенін мәлімдеді. Қазір мемлекеттік корпорация мамандары кемедегі құралдардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жылу режимін қамтамасыз етуді ойластыруда. [caption id="attachment_232633" align="aligncenter" width="1744"]
Мамандар 2023 жылдың 16 наурызына жоспарланған «Союз МС-23» ғарыш кемесінің ұшырылуы мерзімінен бұрын жүзеге асуы мүмкіндігін айтуда.Бұған дейін ХҒС-қа түйіскен «Союз МС-22» кемесінің жылуды реттеу жүйесіндегі саңылаудың салдарынан ғарышкерлер Сергей Прокопьев пен Дмитрий Петелиннің ғарышқа шығуы тоқтатылғаны бейнекамераға түсіп қалған.